Шиелінің жаңа әкімі қызметкерлерін мәжбүрлеп жұмсайды ма?

2 395
Шиелі ауданының жаңа әкімі мемлекеттік қызметкерлерді мәжбүрлі түрде қоғамдық жұмыстарға тартқан, - деп хабарлайды Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Аудан жұртшылығы жаңашылдығымен келеді деп асыға күткен Шиелі  ауданының су жаңа әкімі  мемлекеттік қызметкерлерді әбігерге салған. Әкімдік лауазымына  тағайындалғанына небәрі 5 – күн болған Ахатов Нұржан   мырза аудан тазалығын аптап ыстықта бүкіл әкімдік қызметкерлерін қоқыс жинауға  мәжбүрлеген. 
Ол аздық  еткендей  “Күндіз қоқыс жинайсыңдар, түнгі 12-ге дейін жұмыс істейсіңдер!” деген әкімнің талабы санаға сыймай отыр. Шақырайған аптапта көше қоқысын тазалатып, түн жарымға дейін әкімдік жұмысын атқаруы тиіс деген бұйрық санаға сыйымсыз. Алайда, басынан күн өтіп, дәл қазір  мұрнынан қан сауғалап отырған Шиелі ауданы әкімдігінің қызметкері Балқия  әкімдіктің бұл іс-әрекетіне наразылығын білдіріп отыр.


«Шиели ауданының әкімі Ахатов Нұржан мемлекеттік қызметкерлерді, әсіресе бөлім басшыларын күн-түн демей беймезгіл уақытта жұмысқа шақырады.  Енді көше аралап, 45 градус ыстықта даланы тазалатып жатыр. Күндізгі уақытта қоқыс тазалатып, түңгі 12-ге дейін жұмыс істейсіңдер, дейді әкім. Ал, әкімге қарсы келетін кім бар? Жұмысымыздан айырылып қаламыз, деп қорқамыз. Күнделікті күндегісін аудан тазалауға шығасыздар деген тапсырма берген», - дейді әкімдік бөлімінің қызметкері Балқия. 

Алайда, аудан әкімдігінің көтерілген мәселеден хабардар екендігі мәлім болды. Ол аздық еткендей, көше тазалығы әкімдік бөлімдерінің басшыларына бөлініп берілгендігі. Қазіргі таңда қолға алынғандығын растап отыр.

«Шиелі ауданы әкімдігінің бұл жұмыстарды ұйымдастырудағы басты мақсаты - аудан тұрғындарына қолайлы жағдай жасап, санитарлық тазалық жұмыстарын, көркейту-көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарын жандандыру болып табылады. Мемлекеттік мекемелер өз ғимараттарының аумақтарын ретке келтіріп, айналасын абаттандыру жұмыстарын қарқынды жүргізуде», - дейді Шиелі аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Демек, аудан қызметкерлерінің Шиелі аудан әкімдігі алдағы уақытта қарқынды тазалау жұмыстары жүргізілетіндігін анық жеткізіп тұрғындай. 
Әкімдіктің бассыздығына облыс әкімдігі тарапынан өзі сайлаған Нұрлыбек Нәлібаев мырза да әкімдік лауазымына келген күннен тазалық жұмыстарына етене араласып кеткендігі жасырын емес.
Ал, аудан тазалығымен айналысатын қызметкерлер сонда не істейді? Алайда, облыс әкімдігі тиісті шара көріп, тоқтау қояр деген мемлекеттік қызметкерлер аймақ басшысынан қолдау күтуде.