Туған баласын суицид жасауға дейін жеткізген әке 6 жылға сотталды
1 339
Атырауда туған баласын суицид жасауға жеткізген ер адам 6 жылға сотталып кетті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Белгілі болғандай 2023 жылдың қарашасында ер адам кәмелетке толмаған баласына қатыгездікпен қарап, оны өзін-өзі өлтіруге оқталуына дейін жеткізген.
Алайда ол өзіне тағылған айыппен келіспей, ақтауды сұрады.
«Сотталушының жазасы мен қылмыстық жауаптылығын жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар анықталмады. Ол тағылған айып бойынша кінәлі деп танылып, ҚК-нің 58-бабының 6-бөлігінің негізінде түпкілікті 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ», - делінген облыстық сот хабарламасында.