Түркістан облысында су электр станциясы іске қосылады

548
Түркістан облысының Қазығұрт ауданында жалпы құны 400 млн теңге болатын кіші су электр станциясы салынады- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

«Бүгінгі таңда жер учаскесі тегістеліп, ғимараттың құрылысы басталды. Кәсіпорын 2022 жылы іске қосылатын болады», - деп келтіреді аудан әкімі Арман Абдуллаевтың сөзін Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Аудан басшысының айтуынша, аймақтағы өнеркәсіп кәсіпорындарының өнім көлемі тоғыз айда 9 млрд 355,5 млн теңгеге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 2 млрд 449,4 млн теңгеге артқан. Қазығұрт ауданындағы индустриалды аймақта қазіргі таңда құны 7,3 млрд теңгенің 5 жобасы орналасқан.

«Ауданда негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі тоғыз айда 15 млрд 445,9 млн теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3 млрд 335,8 млн теңгеге артты. Ауданымыздағы шағын және орта бизнес саласы қарқынды дамуда. Бүгінгі таңда олардың саны 9 637 бірлікке жетіп, 9 469-ы жұмыс істеп тұр. Аталған мекемелерде 14 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған.

2021 жылы ауданда жалпы құны 5,2 млрд теңгелік, 318 жұмыс орнын құрайтын 71 жобаны іске асыру жоспарланған. Ағымдағы жылдың тоғыз айында 42 жоба ашылып, 161 адам жұмыспен қамтылды», - деді Арман Абдуллаев.