"Бюджеттен 3 млрд 50 млн теңге бөлінген": Қызылжардағы театр құрылысы тоқтап тұр

292
Құрылыс алаңында жұмыс бірнеше айдан бері тоқтап тұр. Алғашқы жоспарға сай мәдениет ордасы 2020 жылы халық игілігіне берілуі тиіс еді. Құрылыс мерзімі осымен үшінші рет шегерілмек.
Ғимараттың алғашқы қазығы 2018 жылы қағылған болатын. Бірінші рет әкімдік бас мердігермен келісімшартты бұзбақ болып құрылыс тұралап қалды. Кейін тапсырыс беруші шешімін өзгертіп, "DBK-Engenering" компаниясы қайта іске кіріскен. Бірақ көп ұзамай жұмыс тағы тоқтады.
“Шатырдың жобасы кемшіліктері болуына себепті, дизайны өзгеруіне байланысты, құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты биылғы жылдың қаңтар айының аяғынан бастап, тоқтап тұрмыз. 
Облыстық әкімдік өкілдері де ғимарат жобасының түзетуге жіберілгенін жасырмады. Құжат мақұлданса, құрылысқа қосымша 500 млн теңге бөлінбек”, – дейді құрылыс алаңының басшысы Ерлан Омарханов.
Қызылжарда қазір жұмыс істеп тұрған қазақ театры 2000 жылы ашылған болатын. Оған дейін энергетиктер сарайы саналған шағын ғана ғимарат. Жаңа нысанның іске қосылуын театр ұжымы ғана емес, көрермен де асыға күтіп жүр.
“Театр актерларының жұмыс жасауы, кәсібилігі өте жоғары деңгейде. Алайда аудиторияның тарлығы оларға толық мүмкіндік бермей отырғанын біз, қоғам, куә болып отырмыз. Енді осы құрылыс салынып, қоғам назарына ұсынса құба-құп болушы еді”, – дейді қала тұрғыны Нұрсұлтан Тілеген.
Әкімдік өкілдерінің айтуынша, тұралаған құрылыс жұмыстары тамыз айында қайта жалғасады. Ал жыл соңында нысан тапсырылуы тиіс.