"Самұрық-Қазына" бір айда келмеске кетеді - Тоқаев
531
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық әл-ауқат қоры ретінде ашылған "Самұрық-Қазына" холдингін жауып тастауға дайын екенін мәлімдеді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.
Президент "Самұрық-Қазына" қорының жұмысын сынға алып, бір ай уақыт берді.
Мемлекет басшысы қазір қордың құрылымы ашық емес, оған саяси маңызды адамдар басшы болып барады. Қордың сатып алу жүйесі тиімсіз, жұмысшылар өз ішінде сыйыспайды, шығынға бата жұмыс істеп отырғанын айтты. Көбіне ауқымды жобалар аяқсыз қалып жатыр.
Қорға тым көп ақша кетеді. Бұның бәрі қоғамның ашуына тиеді. Осы уақытқа дейін нақты мұнай-химия саласын жасай алмағанымыз да жасырын емес. Біз сонау кеңестік заманда салынған зауыттарды жөндеп отырамыз,— деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Осы орайда ол Өзбекстанды мысалға келтірді. Көршіміз су жаңа бірнеше зауыт салып алған. Егер бір ай ішінде қор Президенттің тапсырмаларын орындай алмаса басшысы Алмасадам Сәтқалиев те, қор да "келмеске" кетуі мүмкін.
Қорға түбегейлі реформа жасауды тапсырамын. Ол жайында Сәтқалиевпен де ("Самұрық-Қазына" қорының басшысы) сөйлескенмін. Реформалау тапсырмасын орындай алмаса, өзі де, онымен бірге қор да келмеске кетеді. Бір ай уақыт беремін. Бұл соңғы рет,— деді Президент.