Есірткіге мас күйде болған: мопед басқарған жүргізуші ұсталды

1 487

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: depositphotos.comАлматыда "Қауіпсіз жол" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полицейлер жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған мопед жүргізушісін тоқтатты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Ер адам тәртіп сақшыларының заңды талабын орындаудан бас тартып, қашуға әрекеттенгенімен, көп ұзамай ұсталды.

Медициналық куәландыру нәтижесінде оның есірткілік мас күйде болғаны анықталды.

Жиналған материалдар сотқа жолданып, құқық бұзушы көлік жүргізу құқығынан айырылып, әкімшілік қамауға алынатын болады. Ал мопед айыптұрағына қойылды.

"Мұндай жағдайларға жол беруге болмайды. Әрбір жүргізуші жолдағы қауіпсіздік үшін өз жауапкершілігін сезінуі тиіс. Мас күйде көлік басқару – адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіреді. Алматы полициясы мұндай құқық бұзушылықтарға қатаң шара қолданады. "Заң мен тәртіп" қағидаты біздің жұмысымыздың негізгі ұстанымы болып қала береді", – деді Наурызбай аудандық полиция басқармасының бастығы Дидар Жақыпбаев.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.