Аудандық кітапхана есепшілері 46 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді

2 299

фото: amixstudio / Getty ImagesБатыс Қазақстан облысының Экономикалық тергеу департаменті "Теректі ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне қатысты тергеудің аяқталғанын хабарлады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

Басылымның тергеу нұсқасына сүйеніп хабарлауынша, мемлекеттік мекеменің бас есепшісі мен есепшісі 2023-2025 жылдар аралығында қылмыстық келісімге келіп, жоқ тұлғаларға ай сайынғы еңбекақы төлемін есептеп отырған. Олар ақшаны өздерінің шоттарына аударған. Осылайша мемлекетке 45,9 млн теңге залал келтірілген.

"Департамент қызметкерлері қабылдаған шаралардың қорытындысы бойынша кінәлі тұлғалар анықталып, мемлекетке келтірілген залал толық көлемде өндірілді", - деп хабарлады басылым тілшісіне Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті өкілдері.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу аяқталып, іс сотқа жіберілді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.