Жол апаты салдарынан 38 жастағы әйел көз жұмды

1 512

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: ©Tengrinews.kz/ Тұрар ҚазанғаповАлматы облысы Балқаш ауданында адам өлімімен аяқталған жол апаты болғаны туралы ақпарат тарады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі Massaget.kz  сайтына сілтеме жасап.

 БАҚ мәліметінше, 38 жастағы әйелді күйеуі, яғни полиция қызметкері жүргізіп келе жатқан көлік қағып кеткен. 16- шы мамырда Балқаш аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Қапшағай - Бақанас тасжолында жұбайын қағып өлтірген. Оқиға қызметтік көлікпен болған. Алматы облысы Полиция департаменті әйел қаза тапқанын растады. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қылмыс жасады деген күдікпен 37 жастағы ер адам ұсталған. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Оқиға салдарынан әйел сол жерде көз жұмды. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы облыстық Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында", - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.

Полицияның баспасөз қызметі бұл оқиғаға қызметкердің қатысы бар-жоғы туралы ақпаратты растамады, жоққа да шығармаған.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.