Қызылордада дәретін ұстай алмай қалған баланы тәрбиешілер дәретханаға қамап қойған
Қызылорда қаласындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған балабақшаның тәрбиешілері сөйлей алмайтын, мүгедектігі бар баланы дәретін ұстай алмай қалғаны үшін дәретханаға қамап қойған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі azattyq-ruhy.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл оқиғаны баланың анасы баяндап берді. Оның айтуынша, баласының диагнозы бар. Баласы «Үркер» деген мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған топқа барады екен. Баласы дәретханаға барғысы келетінін айта алмай, үлкен дәретін бұтына жіберіп қойған.
Бұл жағдайға қатысты комментарий берген Қызылорда қаласының білім басқармасы тәрбиешілерге қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.