Электр энергиясынан тапшылық туындаса, электр қуатын тұрғындарға емес, майнерлерге беру тоқтатылады
328
Бүгін Сенаттағы Үкімет сағатында электр энергиясының тапшылығына жою мәселесі қаралды- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Сенатор Мұхтар Құл-Мұхаммед қыс мезгілі басталмай жатып елімізде электр энергиясындағы тапшылық сезіле бастағанын айтты.
«Осы орайда әлеуметтік нысандардың тоқтаусыз жұмыс істеуі, яғни ауруханалар мен мектептердің жұмысы электр энергиясының үздіксіз берілуіне байланысты. Екіншіден, ведомствоның кейбір түсіндірмелерінде түрлі электр желілеріне қосылып алған «сұр» майнерлер қуатты өте көп мөлшерде пайдаланып жатыр деген уәж айттыңыздар. Осы қаншалықты шындыққа сәйкес келеді және алдағы уақытта энергия тапшылығы өршіп кетпей ме?», - деп сұрады М. Құл-Мұхаммед.
Өз кезегінде ҚР Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов майнерлерге қатысты расымен де мәселе бар екенін атап өтті.
«Атап айтқанда, Жамбыл облысындағы жағдайға тоқталсақ, Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті KEGOC компаниясымен бірлесе ревизия жүргізді. Осы орайда Жамбыл облысы бойынша «сұр» майнингтің 12 нысаны және Павлодар облысында осындай бір нысан анықталды», - деді вице-министр.
Ә. Мағауовтың айтуынша, қадағалау іс-шараларының нәтижесінде барлық 13 нысанның жұмысы тоқтатылды.
«Сонымен қатар KEGOC электр энергиясына сұраныс артқан кезде тұрғындарды емес, майнинг компанияларды желіден ажырату қадамдарын жүргізеді. Яғни осы нысандар бойынша электр энергиясын пайдалану жүктемесі ескеріледі. Біздіңше, осы іс-шаралар қыстағы жылу беру маусымын тоқтаусыз өткізуге мүмкіндік береді», - деді ол. Жақында Мемлекет басшысына цифрлық майнинг саласын бақылау үшін қабылданып жатқан шаралар таныстырылды. Бұл өз қызметін тіркеусіз атқаратын субъектілерге қатысты. Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев «сұр» майнерлер шамамен 1200 МВт-қа дейін электр энергиясын тұтынатынын және оларды анықтау жұмыстары жалғасып жатқанын атап өтті. Еске сала кетейік, биыл 5 қарашада ҚР Энергетика министрінің бірінші орынбасары Мұрат Жөребеков аталған мәселені түсіндірген еді. «Заңсыз жұмыс істейтін майнингтік ұйымдардың мәселесін қолға алу керек. Электр энергиясын ауқымды көлемде пайдаланатын солар», - деді ол.