Кореяда алаяқтарға алданған 20 жастағы қазақ жігіті мен анасы өлі табылды
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Оңтүстік Кореяның Чхунбук провинциясынан 20 жастағы қазақстандық жігіт пен анасының мәйіті табылды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Тергеу дерегінше, жігіт телефон алаяқтарына алданып, шамамен 17 миллион теңгесінен айырылған.
Алаяқтар өздерін прокурор ретінде таныстырып, жігітті қылмыстық іске қатысы бар деп қорқытқан. Кейін оны мотельге оқшаулап, жақындарымен байланысын үздіріп, ақшасын криптовалюта арқылы өздері көрсеткен әмиянға аудартқан.
Тергеу барысында күдіктілердің Алматыда әрекет еткені анықталған. Биыл наурыз-мамыр аралығында 100-ден астам адамды алдап, 5,8 миллиард вон (шамамен 2 млрд теңге) жымқырған топтың 19 мүшесі ұсталған. Қазақстан мен Оңтүстік Корея полициясы бірлескен операция жүргізген.
Қаз
Рус






