ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ТҰРҒЫНДАР НЕГЕ АЛАҢДАУЛЫ?
1 623
Қызылордалықтар мүлдем жөндеу көрмеген, тіпті қала көшелерінің сызбасына енбеген көшелер де бар деп шағымдануда, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысы «халық үніне құлақ асатын үкімет» құратынын жария еткелі бері халық біраз өзгеріс күткен. Бірақ әлі де болса өз ісіне селсоқ қарайтын әкім-қаралар да бар екен. Олай деуге басты себеп, қаламыздың картасынан тысқары қалды деген тұрғындар әкімдікке наразылығын білдіріп отыр.
Мәселенің мәнісіне үңілсек, шын мәнінде мөлтек ауданның емес, өздері тұратын көшенің жағдайы оларды алаңдатып отыр. Тұрғындардың айтуынша, мұнда жедел жәрдемнің келуі де екі талай. Ең сорақысы көпқабатты тұрғын үйлердің гараждары жеке үйлердің есік алдына қойылған. Оның үстіне жүріп-тұруға мүмкіндік жоқ. Себебі күндіз ойын баласы осы гараждардың төбесінде секіріп қызық көрсе, кешқұрым маскүнемдер мен жеңіл жүрісті қыздардың мекеніне айналған. Осы гараждардың кесірінен есік алдына отырудан қалдық деп көлеңкесінде қалған жеке үйлердің тұрғындарына жағдай жасалмаған деп наразылық білдірді. Олардың арасында зейнеткерлер, балалар мен көпбалалы аналарда жеткілікті. Жарықтандырылмаған көше бойына кеш құрым серуендеуге мүмкіншілік жоқ деп налиды тұрғындар.
Ақиқатында, ойдым-ойдым көше мен бірінен соң бірі тізбектелген гараждардың қарасынан басқа түк жоқ. Гараждардың маңы ішілген ащы судың шыны бөтелкелері мен қолданылған мүшеқаптарға тола. Себебі жастардың кешқұрым күнделікті көңіл көтеру орнына айналғалы қашан. Тіпті, маскүнемдер мен тұрғылықты мекен-жайы жоқ жандар да осы жерді иеленіп алған.
Тұрғындардың айтуынша, осы уақытқа дейін көшеде электр жарығы жүргізілмеген. Қараңғы көшемен кешке қарай жүру өте қиын. Әсіресе екінші ауысымда оқитын оқушыларға қиын тиіп тұр. Кешкі уақытта оларды күтіп алуды ата-аналар күнделікті әдетке айналдырған. Олай етпесе болмайды. Өйткені кешкілік қараңғыда балалардың үйге оралуы және қауіпсіздігі бізді алаңдатады. Бірақ мұны ойлап жатқан әкімдік жоқ дейді.
Ақиқатын айтсақ, Жандосов көшесінің тұрғындары «жанайқайға құлақ түрер» деген ниетпен облыс әкімі Нәлібаев Нұрлыбек Мәшбекұлынан ғана үміт күтеді. Тұрғындар қазір өңір басшысына ғана сенеді. Өйткені жылдар бойы айтылған мәселе жазыла-жазыла жауыр болған. Бірақ өзгерген еш нәрсе жоқ.
Ал, Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлім мамандарының айтуынша,
Міне, Жандосов көшесі тұрғындарының жанайқайы осы. Біз аталған мәселе бойынша тұрғындардың атынан жергілікті билік пен атқарушы органдарға жолданған арыз-шағымдарда жетерлік. Бірақ шенділерден «алдағы уақытта қарастырылады» дегеннен басқа жауап келмеген.
АЙГЕРІМ РАХЫМЖАНҚЫЗЫ

«Қазір заман жаман. Көшелеріміз жарықтандырылмаған, сондықтан кешқұрым гараж артында білгенін жасайтын адамдар өте көп. Ал гараждың арты менің есік алдым. Бұндай бей-берекеттің кесірінен ұлдарымыз маскүнемдерге ескерту айтса, жұдырық ала жүгіретіндер бар. Себебі үйімізге іргелес сауна орналасқан. Әкімдіктен көшемізді жарықтандырып, қала картасына ендіріп, жолымызды жөндеп берсе дейміз. Жергілікті әкімдік тарапынан қолдау да жоқ. Ал, басты талап осы гараждардан ауламызды тазартып берсе дейміз.», - дейді Айман Молдахожаева.
Тұрғындардың айтуынша, осы уақытқа дейін көшеде электр жарығы жүргізілмеген. Қараңғы көшемен кешке қарай жүру өте қиын. Әсіресе екінші ауысымда оқитын оқушыларға қиын тиіп тұр. Кешкі уақытта оларды күтіп алуды ата-аналар күнделікті әдетке айналдырған. Олай етпесе болмайды. Өйткені кешкілік қараңғыда балалардың үйге оралуы және қауіпсіздігі бізді алаңдатады. Бірақ мұны ойлап жатқан әкімдік жоқ дейді.
«Жыл сайынғы қала әкімдерінің есеп беру жиындарында, жеке қабылдауында болып, осы мәселені айтып жүрміз. Олар құрғақ уәде берумен шектеледі. Еш нәтиже жоқ. Біздің жанайқайымызды еститін басшы жоқ. Барлық мәселе әкімнің құзырынан аспай, орта жолда қалып қоя береді. Осы қалыптасқан жағдайға байланысты өтініш-талаптарымызды ескеріп, көмек беруіңізді сұраймыз»,- дейді.
Ақиқатын айтсақ, Жандосов көшесінің тұрғындары «жанайқайға құлақ түрер» деген ниетпен облыс әкімі Нәлібаев Нұрлыбек Мәшбекұлынан ғана үміт күтеді. Тұрғындар қазір өңір басшысына ғана сенеді. Өйткені жылдар бойы айтылған мәселе жазыла-жазыла жауыр болған. Бірақ өзгерген еш нәрсе жоқ.
Ал, Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлім мамандарының айтуынша,
«Жарық бағаналарын, жаяу жүргіншілерін орнатуды және асфальт төсеу жұмыстарына жоба-сметалық құжаттарын әзірлеуді қажет ететін көшелер тізіміне енгізілді. Гараждарды көшіру жұмыстарын жүргізу үшін, иелерін анықтау жұмыстары жүргізіліп, айып алаңына жеткізілетін болады»,- дейді басшы орынбасары Дархан Бақтияров.