ҚЫЗЫЛОРДАДА МЕКТЕПКЕ ЖҰМЫСҚА КІРУ ҚҰНЫ 1 400 000 ТЕҢГЕ МЕ?

1 224

Фото; sputnik.kzҚызылордада мектепке мұғалім болып орналасу үшін 1 400 000 теңгең болуы тиіс, - деп хабарлайды Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желідегі 
Facebook парақшасына Маңғыстау облысының қоғам белсендісі Бибігүл Рамазан Қызылорда облысында мұғалім болып орналасу үшін 1 400 000 теңге пара сұрайтындығы жөнінде жариялаған болатын.

Автордың айтуынша, қызылордалық тұрғын өзінің мамандығына сәйкес мұғалім қызметіне орналасу үшін мектеп директоры қаржы сұрайтындығын жазған.
Ал, Қызылорда қаласының Білім бөлімі аталған фактіні жоққа шығарып, 

«2022 жылғы Жаңа бұйрық бойынша қаңтардан бастап педагог қызметкерлерді жұмысқа қабылдау жаңа форматта жүзеге асырылады. Аталған өзгерістер педагог қызметкерлерді жұмысқа қабылдауда ашықтықты қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға бағытталған. Бос орын болған жағдайда білім беру ұйымдарының және білім беруді басқару органының Интернет-ресурсында немесе әлеуметтік желілердің ресми аккаунттарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланады.
Өтініш беруші өзінің бағалау парағын қоса ұсынады. Конкурс қорытындылары бойынша шешімді конкурстық комиссия жинаған балл негізінде қабылдайды. Ең көп балл жинаған кандидат конкурстан өтті деп есептеледі және мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысына тағайындауға ұсынылады», - 
деген пікір қалдыруда.


Желі қолданушылары жарияланған мәселені қолдап, әлі күнге дейін пара беру арқылы жұмысқа орналасу мүмкіндігі бар екендігін жарыса жазды.

«Таңғалатын жаңалық емес, тұнып тұрған коррупция, кез келген мектеп директорының айналасын, тұрмысына қарағанда осындай ой келеді, халықтың көзі соқыр емес қой, кез келген мектеп директорын ұстап, қолына кісен салу керек қысқасы»,- дейді Жолмұхан Қозыбеков.


«Жасыратыны жоқ, тіпті қызылорда облысына қарасты Арал ауданында еден жуушы болып орналасу үшін 500 мың беріп кіреді. Ол бұрынан бар. Барлық жерде мамандықтың өзіндік «ставкасы» бар»,- дейді Гүлназ Көшербаева.  


Жасыратыны жоқ 2022 жылғы көрсеткішке сүйенсек, облысымыз парақорлық пен жемқорлықтың «үздік үштігіне»  енгені тағы бар.