"Жұмысқа тұруды QR-мен шешеміз" – министр

1 216

Digital Bridge 2023 аясында өткен конференцияда Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин еліміздегі нотариаттық қызмет жайлы айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.



Елімізде біраз құжатты үйден шықпай-ақ электронды түрде реттеуге болады. Мысалы, жұбайыңыз сізден бөлек қалада тұрса да, электронды үкіметке кіріп жұмысыңызды жылдам аяқтай аласыз. Мұндай жетістікпен тек бірнеше ел мақтана алады, – деді Мусин.


Министрдің дерегінше, биыл 9 айда 18 мың құжат рәсімделген. Сондай-ақ Мусин жұмысқа тұру үшін жиналатын анықтаманың азаятынын айтады.


Бүгінгі таңда жұмысшылар бума-бума анықтама жинап, кадр бөліміне тапсырып жүр. Бүгін жобаны Президентке таныстырдық, яғни алдағы уақытта бір QR-дың көмегімен жұмысқа тұрып, еңбек шартына қол қоятын етіп жасаймыз , – деді Цифрлық даму министрі.


Еске салсақ, Digital Bridge 2023 аясында өткен конференцияда Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин аналарға арналған тиімді электронды қызмет туралы айтқан болатын.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.