Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына орай «Абай жолы» роман-эпопеясының аудионұсқасы Қазақ радиосында беріледі

557
Аудиокітап форматындағы хабар наурыз айында басталып, қыркүйек айына дейін жалғасады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

 «Қазақ радиолары» ЖШС Бас редкаторы- «Қазақ радиосы» радиоарнасының директоры Дулат Абибуллаев facebook желісіндегі парақшасында жазды. 

«Ұлы прозаик Мұхтар Әуезовтің дүниеге келгеніне биыл 125 жыл. Осыған орай тыңдаушыларға 2 наурыздан бастап «Абай жолы» роман-эпопеясын ұсынамыз. «Көкжиек» хабары аптасына 7 күн, сағат 21.00 де эфирге шығады. Кітапты Қазақ радиосының белгілі дикторы Аманжан Серіков дыбыстаған»,- деп атап өткен радиоарна басшысы өз жазбасында.

 «Абай жолы» эпопеясы Мұхтар Әуезовтің әлемге әйгілі тарихи романдар топтамасы, қазақ халқының тұңғыш эпопеясы. Ол 1942 мен 1956 жылдар аралығында жазылған роман.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.