«12 жылға сотталуы мүмкін»: Танымал ақын Ербол Бықыбаев қамауға алынды
Әлеуметтік желіде «Шерзат ісіне» байланысты жазған өлеңдерімен танылған жас ақын Ербол Бықыбаев Тараз қаласында ұсталды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Заңгердің хабарлауынша, ақынға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 256-бабының 2-бөлігі бойынша, яғни терроризмді насихаттау дерегімен күдік келтірілген.
Дәулетхан Ахметов аталған бапта көзделген жаза қатаң екенін атап өтті. Атап айтқанда, бұл құқық бұзушылық үшін 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Ербол Бықыбаев әлеуметтік желіде патриоттық мазмұндағы жырларымен танылған. Әсіресе, «Шерзат ісіне» қатысты жазған өлеңдері көпшілік арасында кеңінен тараған.
Қаз
Рус






