“Алтын-Емел“ паркінде сирек құсты суретке түсірді

2 476

Фото:instagram/altynemel_np"Алтын-Емел" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ғылыми ақпарат және мониторинг бөлімінің мамандары "Басши" орманшылық аумағынан қыран құстың балапандары бар ұяны анықтады,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Бұл - Қазақстанның Қызыл кітабына енген, яғни сирек кездесетін және қорғалатын құс түрі.Ғалымдар бұл ерекше әрі сирек кадрларды Instagram парақшасында бөлісті.

"Алтын-Емел" паркі қызметкерлерінің айтуынша, дала қыраны ұяны әдетте ашық далалы, жартылай шөлейтті немесе жазық жерлерде салады. Ұяларды кейде жерге, кейде биік бұталарға немесе тастың үстіне орналастырады. Ұя бұтақтардан, шөптерден және жануарлардың жүнінен төселеді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.