Шет елді бағындырғын қазақ фильмі

473
Қазақстан студенттерінің ұйымдастыруымен Будапеште «Менің атым Қожа» фильмі көрсетілді , - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат  агенттігі.

ҚР Мажарстандағы елшілігінің мәліметі бойынша Қазақстанның 800-ге жуық азаматы Венгрияның үздік ЖОО білімін жетілдіріп жатыр. Шет елдегі қазақ жастары ұйымшыл, жиі бас қосып, осындай игі шараларды жиі өткізуді жоспарлайды. Оңайша Мандөки,

Венгриядағы «Абай» мәдени орталығының төрайымы:

Қазіргі заманда біздің қазақ жастары үшін шетелде жүрген осындай шараның болғаны маңызды. Елді сағынып, шет елде оқып, қазақтың әдет ғұрпы пен мәдениетін, тілі мен әнін, салт-санасын шетте жүргенде қазақ жастары сағынады. Сондықтан елден осындай кинолар әкеп, жастарға үлгі болатын, сабақ болатын дүниелерді көрсетсе, шеттегі жастар үшін өте маңызды әрі ерекше және олар үшін қуанышты.

Малика Сағынаева, студент
:

Қазақша фильмдерді көруге жиналып, біз шет елдегі қазақ студенттері бір-бірімізбен танысып, жиналып, қарым-қатынасымызды жақсартамыз. Ана тілімізде сөйлесіп, өз мәдениетімізді еске алып және де оны жаңғыртамыз деп ойлаймын.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.