«Абайдың қара сөздері» киножобасының түсірілімі аяқталды

280
15 сериялы «Абайдың қара сөздері» фильмінің түсірілімі аяқталды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақарат агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Абайдың 175 жылдығына арналған киножобаны ҚР ПрезидентініңТелерадиокешені Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының» қолдауымен әзірледі.

Фильм он бес астарлы әңгіме мен философиялық трактаттардан тұрады. Киножобада қазақтың ұлы ақыны-реформатор әрі философының іргелі туындысының мызғымас құндылығын жаңаша ашатын күрделі режиссерлік шешімдер қолданылған.

Басты кейіпкерлерді Қазақстан кинематографиясының еңбек сіңірген актерлері – Тұңғышбай Жаманқұлов, Жан Байжанбаев, Ерік Жолжақсынов, Нұрлан Әлімжанов, Аружан Жазылбекова, Берік Айтжанов, Аян Өтепберген және басқалар сомдады.

Көркем киножобаның түсірілімі Алматы қаласы мен Алматы облысының түрлі аймағында өтті.

Қазіргі уақытта графикалық жұмыстар мен түстерді түзетудің соңғы сәттері жүріп жатыр. Фильм қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде түсірілген. Көркем киножоба ашық түрде интернет-платформаларда жарияланып, әлемдік телеарналарда көрсетіледі.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.