«Дала қасқыры» фильмінің жабық көрсетілімі өтті
Киножоба Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы және Golden Man Media компаниясының қолдауымен түсірілді және 15 тамыздан бастап ел кинотеатрларына жол тартпақ, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
«Дала қасқыры» – триллер мен драма элементтерін біріктіретін фильм. Шығармашылық топ сценарий жұмыстарына 10 жыл бұрын кірісіп, оны 2021 жылы аяқтап, түсірілім жұмыстары басталған.
Түсірілім жұмыстарына 100-ден астам маман қатысты. Қауіпті трюктерді қазақстандық каскадерлер орындаған, бұған қоса Беларуссиядан арнайы мамандар да шақырылған. Фильмде жоғалған ұлын іздеген Тамара есімді әйелдің оқиғасы баяндалады.
Канададағы Fantasia Film Festival фестивалінде «Дала қасқыры» фильмінің актерлері Берік Айтжанов пен Анна Старченко «Рөлді үздік орындағаны үшін» номинациясы бойынша марапатталды. Сонымен қатар фильм операторы Еркінбек Птыралиев Оскар академиясының мүшесі болды.
Бұл «Дала қасқырының» бірінші жетістігі емес. Бұдан бөлек, ол өткен жылы Роттердам кинофестивалінде жоғары бағаланды. Сондай-ақ Бельгияда өткен халықаралық кинофестивальда бас жүлде иеленді.