Театрлар маусымды жоғарғы нәтижемен қорытындылады

2 508

Фото:© freepik/magnific.comҚазақстан театрлары 2025–2026 жылғы маусымды жоғары нәтижемен қорытындылады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі dknews.kz сайтына сілтеме жасап.

1 жыл ішінде ел сахналарында 16 мыңнан астам спектакль қойылып, 410 жаңа премьера көрерменге жол тартты.  Ал театрларға келген көрермен саны 2 миллион 832 мың 835 адамға жеткен. Бұл театр өнеріне деген қызығушылықтың тұрақты түрде өсіп келе жатқанын көрсетеді. 2025-2026 театр маусымында еліміздегі қойылымдарды 2,8 миллионнан астам көрермен тамашалаған. Премьералар көбейді, репертуар жаңарған. Өткен маусым театрлар үшін тек сандық көрсеткіштермен емес, мазмұндық жаңаруымен де ерекшеленген. Елдің жетекші театрлары көрерменге түрлі жанрдағы жаңа қойылымдарды ұсынған.
Ең көп талқыланған премьералардың қатарында:
- «Астана Опера» театрындағы «Қыпшақ қызы Аппақ» операсы;

- Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрындағы «Ұлы Жібек жолы» балеті;

- «Астана Балет» театрындағы «Кармина Бурана» балет-кантатасы;

- Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрындағы Әбіш Кекілбаевтың «Күй» драмасы;

- Михаил Лермонтов атындағы Ұлттық орыс драма театрындағы «Господа Головлевы» спектаклі бар.

Бұл қойылымдар классика мен заманауи драматургияны ұштастырып, театр репертуарының жанрлық аясын кеңейткен.