Ясауи кесенесінің аумағына кіру тәртібі өзгерді
Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырмасына сәйкес, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі аумағына кіру тәртібі өзгертілген,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
«Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының хабарлауынша, 15- ші ақпаннан бастап кесене аумағы қоршалып, келушілердің кіруі арнайы орнатылған турникеттер арқылы жүзеге асырылады.
Мекеме өкілдері енгізілген өзгерістер аумақта жүргізілетін жұмыстардың қауіпсіздігі мен бақылауын күшейтуге бағытталғанын атап өткен.
Қаз
Рус






