Нұр-Сұлтан қаласында бұрын соңды болмаған көрме ашылды
471
Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында қазақстанға танымал тарихи тұлға саналатын әйелдерге арналған көрме ашылды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Көрме 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай ұйымдастырылып отыр.
Елорда тұрғындары мен қала қонақтары аталған көрмені «Керуен» сауда, ойын-сауық орталығында 16 наурызға дейін тамашалай алады.
Айта кетейік, аталған шараны ұйымдастырушы Нидерланды королдігінің елшілігі, БҰҰ әйелдер және Еуроодақтың Қазақстандағы өкілдігі.
«Көрмеге 28 әйелдің портреті қойылған. Олардың барлығы өз елінде, ал кейбірі әлемдік деңгейде кеңінен танымал тұлғалар. 27 картина Еуроодаққа мүше елдердің танымал әйел тұлғалары және бір портрет Қазақстанға арналып отыр. Бұл әйелдер ХІХ-ХХ ғасырда өмір сүрген, әр салаға еңбегі сіңген жандар. Қазақстаннан танымал композитор, атақты домбырашы Дина Нұрпейісова таңдап алынды. 8 наурыз мерекесі нәзік жандарға гүл мен шоколад сыйлаумен ғана бітпейді. Осы мерекеде біз әйел теңдігі, олардың құқығы мен қоғамдағы орны туралы да сөз қозғауымыз керек», - деді Еуроодақтың Қазақстан Республикасындағы елшісі Кестутис Янкаускас көрменің ашылу салтанатында.
Көрме 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай ұйымдастырылып отыр.
«28 елден елге еңбегі сіңген әйелді таңдап алу оңайға соққан. Біз бір елден бір әйелден ғана таңдалды. Таңдауға келгенде біз әр елдің елшілігімен ақылдасып, кімді таңдайтынымыз туралы ортақ бір шешімге келдік. Яғни 28 елдің елшілігімен ақылдаса келе, осы залда қойылған тұлғалар таңдалынып алынды», - дейді ол.