Өмірін өнермен өрнектеген актер қайтыс болды
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері 76 жасқа қараған шағында көз жұмды,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Мәдениет және ақпарат министрлігі марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтып, оның ұлттық сахна өнеріне сіңірген еңбегін ерекше атап өткен. Балтабай Сейітмамытұлы 50-ге жуық фильмге түсіп, театр сахнасында 60-тан аса жарқын образды сомдаған. Көрерменнің жүрегінде көбіне жағымды образымен жатталып қалқан.
Өнер иесі «Ғашықтарда» Амантайды, «Менің құрдастарымда» Рахметті, «Даулы түнгі думанда» Тизейді, «Абай» спектаклінде Айдарды тамаша сомдап шыққан. Оған қоса режиссер және кино актері ретінде де көпке танылған. «Өлместің оралуында» Әнуар, «Абай» фильмінде Базаралы сияқты көптеген рольдер өнердегі төлқұжатына айналған.
Дулыға Ақмолада, Қазақстанның Халық артисі: - Балтабай ағамен театр сахнасында сахналас болмасам да, кинода, өмірде біраз жол серіктес болдым. Махамбет фильмінде бірге жүрдік. Одан кейін мынау режиссер Мұрат Бидосовтың бірталай фильмдерінде екеуміз партнер болдық. “Тар заман” деген фильмде. 01/30Жүрген жерінде ол кісі жалпы, жастарға көрген білгенін, өмірден түйгенін, өсиет қылып айтып отырғанды жақсы көретін.
Марқұмның жаназасы ертең оқылады.







