Украинада Абай Құнанбаевтың ескерткіші ашылды
425
Харьковте "Ойшылдар аллеясы" ашылып, Абай Құнанбаевтың мүсіні қойылды - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
"Ойшылдар аллеясындағы" ескерткіште Абайдан басқа Украинаның халық ақыны Григорий Сковорода мен Әзірбайжан ағартушысы мен философы Мырза Фатали Ахундов бейнеленген. Мүсін Украина, Қазақстан және Әзірбайжан арасындағы достық қарым-қатынасты бейнелейді.
Ескерткіш авторы Украинаның халық суретшісі Сейфутдин Гурбановтың айтуынша, бұл туынды "Өмір ағашы" деп аталады.
Ескерткіштің жалпы биіктігі 4 метр. Ол субұрқақтар мен жасыл желек қоршаған Харьковтың танымал демалыс аймағында орналасқан.
"Осы идеяны жүзеге асырған мүсінші Сейфутдин Гурбановқа, сондай-ақ осы шараның өтуіне көп күш салған Қазақстанның Харьковтегі Құрметті консулы Эмин Наджафлиге алғыс айтамын. Бүгін Харьков, Қазақстан және Әзірбайжан арасындағы мәдени және халықаралық қатынастарды дамытуға берік негіз қалады деп санаймын", - деді Харьков қалалық кеңесінің хатшысы Игорь Терехов.

Тағы да оқыңыздар
Көне кесене табылды
2 523