Әжелер ансамблінің фестивалі өтті
2 018
Қызылордада қала әкімінің қолдауымен әжелерден құралған ансамбльдердің облыстық фестивалі өтті, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Әжелер өнері, әжелер мектебі, олардың өнегесі – бүгінгі қоғамда баға жетпес байлық, бойға тереңнен сіңіретін табылмас тәрбие құралы. Оларға қандай жылы сөз айтсақ та, қандай сый-сияпат көрсетсек те артық етпейді. Ақ жаулық әжелерге халық алдында айдай болып жарқырап жүргені бүгінгі күннің басты келбетін айқындайды.
Шаңырақтың шежіресін шертіп, ағайын-туманың татулығын сақтауға септігін тигізетін, әулеттегі абысын-ажындардың ақылшысы болып, жас келіндерді тәрбиелейтін, немере-шөберелерін алдына алып алып, ауыз әдебиетінің ертегі-жырларын айтар асыл әжелеріміз «Әжелер ансамбльінде» белсенді мүше болып, өздерінің өнерін халыққа паш етуде.
Бүгінде қала, аудандардағы мәдениет үйлерінде әжелер ансамбльдері бар. Олар ұлттық музыканы дәріптеушілер, есті әндерді келер ұрпаққа жеткізетін насихатшылар іспетті. Мәні мен мағынасы терең, ескі әндер ұмытылып қалмай, сахнада шырқалуына септігін тигізіп келеді.
Сыр елі талай таланттың қайнар көзі болған құтты мекен. Арғы-бергі дәуірлерде небір тамаша өнер иелері осы өлкеден шыққаны әмбеге аян. Бүгінде сол өнер иелерінің ізін жалғаушылар жетерлік.
Қоғамдағы асыл әжелердің, әйел-аналардың мәртебесін арттырып, отбасылық құндылықтарды, қазақтың тұрмыс-салт жырларын, халық әндерін насихаттауды мақсат еткен «Ұлағатты әже» атты фестивальге арнайы қатысқан шаһар басшысы Асылбек Шаменов ұлттық тәрбиедегі қазақ әжесінің рөліне ерекше тоқталып, облыстың түпкір-түпкірінен келген өнер ұжымдарына ризашылығын білдірді.
Сондай-ақ, «Алып анадан туады, тектілік тұқым қуады» демекші, Тәуелсіз Қазақстанның гүлденуіне айрықша үлес қосып, түрлі салада абыройлы еңбек етіп жүрген елімізге белгілі тұлғалардың аналары мен жұбайларына көктемнің шуақты мейрамы қарсаңында арнайы сый-құрмет көрсетті.
Облыс аумағынан 10 әжелер ансамблі қатысып, Ақмешіт аспанын әнге бөлеген өнер мерекесінің нәтижесінде Қызылорда қалалық білім бөлімі жанынан құрылған «Асыл жандар» ансамблі «Көрермендер көзайымы» атанса, Қызылорда қаласы, Асқар Тоқмағамбетов мәдениет Үйі жанынан құрылған «Ұлағат» ансамблі мен Жалағаш ауданы, Мөрәлі Шәменов ауылдық мәдениет үйі жанынан құрылған «Асыл ана» ансамблі 3 орын, Сырдария ауданы, Асқар Тоқмағамбетов мәдениет Үйі жанынан құрылған «Асыл ана» ансамблі 2 орын, Роза Бағланова атындағы Қазалы аудандық мәдениет Үйі жанынан құрылған «Өнеге» ансамблі 1 орын иеленсе, Қармақшы аудандық Шәмшәт Төлепова мәдениет Үйі жанынан құрылған «Ақ әжелер» ансамблі Бас жүлдеге лайық деп танылды. Барлық қатысушылар мен жеңімпаздарға арнайы алғыс хаттар мен қаржылай сыйлықтар табысталды.

Әлімсақтан әжелер – ұлттың ұйытқысы, тәлім мен тәрбиенің тұма бастауы. Сондықтан бұл шараның келіндеріміз бен бойжеткен қыздарымыз үшін өнегесі мол. Ағайын-туманың бірлігін сақтаған, әулеттегі абысын-ажындардың ақылшысы атанған, жас келіндерге жол көрсеткен, немере-шөберелерін құндылықтардың қайнарымен сусындатқан ардақты әжелеріміздің дәл осылай халық алдына шығып, алқалаған әлеуметке бүгінгідей жаһандану дертіне қарсы тұрар қуат-күш сыйлауы - кешегі абзал аналар салып кеткен сара жолдың үзілмегенін, ғасырдан ғасырға мұрагер ұрпақтары арқылы жалғасын таба беретінін байқатса керек, - деп қала әкімі Асылбек Шаменов абзал аналарымызды алда келе жатқан төл мерекелерімен құттықтады.