Каскадер Ербол Семқұлов Бакуде қазақстандық «Алға» фильмін ұсынды
433
Каскадер Ербол Семқұлов Бакуде қазақстандық «Алға» фильмін ұсынды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
10-11 желтоқсан күндері Баку тұрғындары «Низами» кинотеатрында қалың көпшілікке ұсынылған қазақстандық екі фильмді тамашалады. Қазақстандық туындыны көруге келгендер іс-шараны ұйымдастырушылармен және актерлармен тілдесу мүмкіндігіне ие болды.
Қазақстандық кино күндерінің ашылу рәсімінде ҚР Елшісі Сержан Әбдікәрімов соңғы жылдары еліміздің киноиндустрияны дамытуға зор күш салып жатқандығын атап өтті.
Дипломат Қазақстанның Әзербайжандағы күндері аясында еліміздің фильмдерінің көрсетілуі бауырлас елдер арасындағы байланысты нығайтатынына сенім білдірді.
Қазақстандық кино күндерінің алғашқы күнінде Иван Ардашовтың «Кенже қыз» фильмі Баку тұрғындарының ықыласына бөленді.
Мультипликациялық туындыда кездейсоқ қиял әлемінен табылған кішкентай қыздың үйіне оралу үшін зұлымдықпен қалай күрескені баяндалады.
Иван Ардашевтің сөзінше, фестивальді ұйымдастырушылар Бакуге екі ел арасында шығармашылық және дипломатиялық қарым-қатынастар қалыптастыру үшін келген.
Ол осы уақытқа дейін 5 қысқаметражды фильм мен 1 сериал түсіргенін, алдағы уақытта командасы «Қорқыт ата» атты толыққанды жаңа анимациялық фильмнің жобасымен айналысып жатқанын атап өтті.
Екінші күні киносүйер қауым «Алға» фильмінің драмалық сюжетін тамашалады. Бас рөлдерді актерлер, Nomad Stunts кәсіби каскадерлары Жандос Айбасов пен Ербол Семқұлов ойнайды.
Фильмде өздерінің өмірін спортпен байланыстырып, кенеттен тағдырдың жазуымен істі болып кете жаздаған қарапайым екі ауыл баласының өмірі баяндалады.
Ерболдың сөзінше, фильм авторлары жастарға шын ниет болса ойлағаныңа жетуге болатынын, ең қиын деген арманның өзі орындалатынын ұғындыру болды.
Жас каскадер фильмді түсіру кезінде дене күшімен көп жұмыс істеу қажет болғанын атап өтті.
Сондай-ақ ол сөзінде бұрын кәсіпқой бокспен айналысып, ҚР құрамасында футбол ойнағанын атап өтті.
Қазақстанның кино күндері ҚР Мәдениет министрлігінің, Kazakhcinema Мемлекеттік қазақ киносын қолдау орталығы мен Қазақстанның Бакудегі елшілігінің қолдауымен «Низами» кинотеатрында ашылды.

«Кино мен анимация саласында бізге ұқсас, ортақ құндылықтар көп және оларды насихаттай берген жөн. Сондай-ақ айырмашылықтар да бар, оларды әсіресе екі ұлттың тілінде әңгімелескенде ерекше қызық болып шығады. Біз осындай құндылықтар арқылы екі елдің байланыстары мен қарым-қатынасын одан әрі нығайтып, бірлескен өнімдер шығаруға болатынын көрсету үшін келдік», - деді жас режиссер.
Ол осы уақытқа дейін 5 қысқаметражды фильм мен 1 сериал түсіргенін, алдағы уақытта командасы «Қорқыт ата» атты толыққанды жаңа анимациялық фильмнің жобасымен айналысып жатқанын атап өтті.
Екінші күні киносүйер қауым «Алға» фильмінің драмалық сюжетін тамашалады. Бас рөлдерді актерлер, Nomad Stunts кәсіби каскадерлары Жандос Айбасов пен Ербол Семқұлов ойнайды.
Фильмде өздерінің өмірін спортпен байланыстырып, кенеттен тағдырдың жазуымен істі болып кете жаздаған қарапайым екі ауыл баласының өмірі баяндалады.
Ерболдың сөзінше, фильм авторлары жастарға шын ниет болса ойлағаныңа жетуге болатынын, ең қиын деген арманның өзі орындалатынын ұғындыру болды.
Жас каскадер фильмді түсіру кезінде дене күшімен көп жұмыс істеу қажет болғанын атап өтті.
«Бізге жақсы дубль түсіру үшін бір әрекетті бірнеше рет қайталап жүгіру қажет болды. Ал менің бәсекелесім нигериялық кәсіби футболшы. Соған қарамастан біз қиындықты еңсердік. Бұған Жандос екеуміздің өзара жақсы қарым-қатынасымыз ықпал етті деп ойлаймын. Біз Nomad Stunts-те 15 жылдан бері каскадер болып жұмыс істеп келеміз» , - деді Ербол.