Анкарада «Манас»» кітабының тұсаукесері өтті

667
Анкарада «Ұлы тұлғалар және түркі әлемі» атты жиын өтті, - деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі.

"Алаштың ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы және Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына арналған шараның Анкарада өтуі өте маңызды. Себебі Алаштың ардақтылары тек қазақ халқына емес, түркі әлеміне де еңбегі сінген заңғар тұлғалар. Әсіресе, Мухтар Әуезовтің Манасты қорғаудағы, Шыңғыс Айтматовты тәрбиелеп шығарудағы қызметі үлкен. Ал Ахмет Байтұрсынұлының жалпы тілтанымдағы, Баку конгресіндегі қызметі бүкіл түркі әлеміне әсерін тигізген", - деді Халықаралық түркі академиясы президенті Дархан Қыдырәлі.

"Ахмет Байтұрсынұлы мен Мұхтар Әуезов - азаттық пен ұлттық құндылықты сақтап қалған тұлғалар. Түркі академиясының қос тұлғаның мерейтойына орай басып шығарған туындылары түркі әлемі үшін манызды. Жақында түрік оқырмандарына жол тартады деп сенемін", - деді түркітанушы Осман Хората.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.