Димаш әндері Антарктидада шырқалмақ

432
Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген мен оның фанаттарына арналған "La Era Dimash" радиостанциясы енді Антарктидада ашылды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі

Бұл туралы Dimashnews сайты жазды. Радио толқынында күні-түні Димаштың ең таңдаулы әндері шырқалады. 

"Алғаш рет эфирге шыққанда өзімізді бақытты сезіндік. Күн сайын радиохабар тарататын елдердің қатары көбеюде. Арасында тіпті бұрын естімеген елдер де бар. Алдағы екі жыл ішінде біздің радио 96 мемлекетте хабар таратады," - деді радиостанцияның басшысы Паола Профета.

Димаштың шығармашылығына арналған радиостанцияны ашу идеясы аргентиналық Паола Роминаға 2019 жылдың тамыз айында келіпті. Бұл ұсынысты тек Латын Америкасындағы емес, дүниежүзіндегі фанаттар да қолдай кеткен.