ТАНЫМАЛ ӘНГЕ АРҚАУ БОЛҒАН НУРИКАМАЛ СЕЙТЖАНОВА ӨМІРДЕН ӨТТІ

855

Нұрикамал Сейітжанова мұрағатынанЕліміздің еңбек сіңірген қайраткері Нұрикамал Сейітжанова 72 жасқа қараған шағында дүниеден өтті.

Айта кетейік, Нұрикамал Сейітжанова ақын Ханбибі Есенқарақызы мен композитор Тұрдықылыш Ізтайдың "Нұрикамал" әнін жазуына арқау болған.

Нұрикамал Сейітжанова еңбек өтілін кеңшарда бастап, мемлекеттік қызметтің барлық сатысынан өткен.
Әр жылдары мұғалім, Торғай облыстық атқару комитетінің жастар ісі комитетінің төрағасы, облыстық мәдениет басқармасының басшысы, Қазақстан халқы кіші ассамблеясының атқарушы хатшылығының жетекшісі, Ақмола облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының және облыстық мәдениет басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.

Өмірінің соңғы жылдары мемлекеттік тарих институтында қызмет еткен.
2003 жылы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері атағын алды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.