Қазақстандық пианист Лондондағы беделді байқауда бірінші орынды иеленді

2 139

Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіЖамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының солисі (пианист) Жанар Сүлейманова Ұлыбританияның Лондон қаласында өткен «World talent award» халықаралық байқауында бірінші орынды иеленді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Шеберлік пен кәсібиліктің жоғары деңгейін көрсеткен ол 71 мемлекеттен қатысқан өнерпаздардың арасынан үздік шықты, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.


Жанар Сүлейманова — АҚШ, Италия және Франциядағы халықаралық байқаулардың лауреаты. Концерттік қызметі жылдарында жүздеген концерттер берді. Олардың ішінде әр түрлі бағдарламалары мен репертуарларымен 130-дан астам клавирабендтер бар. Пианист халықаралық аренада, атап айтқанда, Ресейде, Италияда, Германияда, АҚШ-та және басқа да көптеген елдерде гастрольдік сапарларға шығып, Қазақстанды әлемге таныстырып жүр.


«GOLDEN TIME TALENT» – шығармашылық топтар мен жеке орындаушыларға арналған халықаралық байқаулар мен фестивальдерді ұйымдастыруда әлемдік көшбасшы жоба. Әлемнің түкпір-түкпірінен суретшілер, музыканттар, вокалистер, бишілер сынды өнерпаздарды жинап, бақ сынасатын өнер сайысы биыл төртінші рет өткізіліп отыр.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.