2023 жылдың ең үздік таңғажайып табиғат фотосуреттері

2 514

Авторы: Jack Zhi2023 жылы өткізілген фото байқаулардың ішінде таңғажайып суреттер бар. Солардың бір топтамасын newatlas.com жинақтап жариялады,  -  деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі .  


Әлемде үздік фотосуреттерге жыл сайын байқаулар өткізіледі. Кәсіби фотографтардан бастап әуесқойлар да өздерінің сәтті түсірілген фотоларын байқауға ұсынады. Оның ішінде таңғаларлық жауһарлар да кездеседі.



Мына су қандай тұнық болса, жыртқыш акула да соншалықты момын көрінеді. Багам аралдарының тұнық суындағы лимон акуласы. Фото Mangrove Photography Awards байқауының су асты номинациясы бойынша жеңімпазы. Авторы: Anita Kainrath



Жыл сайын бүкіл әлем бойынша әртүрлі фотосурет байқауларына сансыз таңғажайып суреттер жіберіледі, 2023 жыл да солай болды. Ғаламдағы алып аспан денелерінен бастап көзге көрінбейтін ғажайып бейнелер технологиялық серпілістің арқасында біздерге жетті және бұл жерде талантты фотографтардың еңбегін де атап өткен орынды.

Әлемдік фотосуреттер байқаулары әртүрлі тақырыптарды қамтиды. Жабайы табиғат көріністері мен жануарлар әлемінен түсірілген суреттер «World Nature Photography Awards», «TTL Nature Photography of Year» және «Жылдың қоршаған орта фотографы» сияқты байқауларға қатысады. Сондай-ақ «Жабайы табиғатты түсірген жыл фотографы», «Құстарды түсірген жыл фотографы» мен «Audubon фото», жануарлардың күлкілі ракурстеріне арналған «Comedy Wildlife» пен «Comedy Pet Photo Awards» арнайы байқаулар да бар.




Ұлы ғарыштық отшашу. Бұндай ғажап көрініс шынайы табиғатта болады дегенге сену қиын. Бірақ бұл қызыл спрайт деп аталатын сирек кездесетін атмосфералық құбылыс, нағыз табиғат көрінісі. Фото Astronomy Photographer байқауының жеңімпазы. Авторы: Angel An









Бұл сурет секундтың 1/8000 бөлігінде түсірілген, қорапқа үйкелген сіріңкенің тұтану сәті. Фото Nikon Small World Photomicrography байқауының жүлдегері. Авторы: Ole Bielfeldt








«Көп жеп қойдым ба?». Балық ұрлап, тойып алған мысықтың түрі... Фото Comedy Pet Photo Awards байқауының жүлдегері. Авторы: Kenichi Morinaga







Суреттің сол жақ төменгі бұрышындағы ақша толы чемоданға қараңыз. Артындағы былықты жасырғысы келген мына адам да ескі Қазақстанның өкілін еске сала ма? Фото Urban Photo Awards байқауының жүлдегері. Авторы: Andre Boto



«Қалқам, оттығың бар ма?!». Фото Comedy Wildlife Photography Awards байқауының жүлдегері. Авторы: Dakota Vaccaro








«Кеше бұл ағаш жоқ еді...». Фото Comedy Wildlife Photography Awards байқауының жүлдегері. Авторы: Wendy Kaveney