Актер Рамазан Амантай келіншегін көрсетті

322

Фото: видеодан скриншотОтандық танымал актер Рамазан Амантай шаңырақ көтерді. Сүйінші хабармен өнер иесінің өзі әлеуметтік желіде бөліскен. Бастапқыда жарының түрін жасырып жүрген әртіс кейіннен онымен бірге сұхбат берген.
"Қазақша бизнес" фильмінің жарық жұлдызы енді бойдақтар тізімінен ресми түрде шықты. Рамазан Амантай үйленіп, отбасылы болды. Актердің таңдауы Гүлфару есімді аруға түскен. Қалыңдық Алматы қаласының тумасы, мамандығы - журналист. 

Өнер иесі жары туралы ақпаратпен "Папарацци" бағдарламасында бөліскен. 

"Бұл көптен күткен қуаныш болды. Мен әулетімізде үлкен немеремін. Ұлдардан ең үлкені мен екенмін. Осы кісіні әулетімізбен ұзақ күттік. Тіпті анам да мені сыйламай кетті. "Келін алып келмейінше сенімен сөйлеспеймін" деді. Нәтижесінде құдай өзі бұйырып, Гүлфару атты аруды маңдайыма бұйырыпты. Алматының қызы, журналист", - деді Рамазан. 

Актер болашақ әйелімен таныстығы қалай қрбігенін айтып, ол кезде орын алған қызықтармен де бөлісті.

"Мен эксперимент ретінде Парижден алып келген Эйфель мұнарасының сувенирын басқа затқа алмастырмақ болдым. Желде соны жариялап тастадым. Түрлі ұсыныстар келді. Бірқ, досым келіп, бір қыз күміс сақинаға ауыстырамын деп жатыр деді. Сосын осы кісі сол сақинаны берді. Сол жерде ойым тоқтады. Үлкен бағалы дүниемді таптым" , - деді Рамазан Амантай.