Еуразия кинофестивалінің алғашқы сыйлықтары тапсырылды
444
Еуразия кинофестивалінің алғашқы сыйлықтары тапсырылды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Бағдарлама қызыл кілем рәсімімен басталды. Салтанатпен безендірілген театрдың бас залында іс-шараны фестиваль президенті Ардақ Әмірқұлов пен бағдарлама директоры Гүлнара Әбікеева ашты.
Фестивальге қатысатын бүкіл фильмдерді қамтитын трейлер көрсетілді.
Оған қоса, көрермен қазылар алқасының мүшелерімен танысты. Сахнаға шыққан шетелдік қонақтар алдымен қазақ тілінде кем дегенде бір-екі сөз айтуға тырысты.
Салтанатты шараның басты тосынсыйы фестивальдің арнайы жүлделерін табыстау болды.
«Орталық Азия кинематографының дамуына қосқан үлесі үшін» жүлдесін атақты өзбек режиссері Әли Хамраев алды, ол осы фестивальде халықаралық байқаудың қазылар алқасын басқарады.
Тағы бір арнайы сыйлық – «Қазақ кинематографына қосқан үлесі үшін» мәдениеттанушы және қоғам қайраткері Мұрат Әуезовке табысталды.
Бағдарлама қазақстандық кинорежиссер Сәбит Құрманбековтің «Боран» картинасының көрсетілімімен аяқталды.
Ашылу салтанатына дейін фестиваль орталығында алғашқы баспасөз конференциясы өтті.
Алдымен журналистердің алдында іс-шара ұйымдастырушылары сөз сөйледі.
Гүлнар Әбікееваның айтуынша, биылғы фестивальде жұлдызды қазылар алқасы мен өте мықты бағдарлама жасалған.
Байқау бағдарламасының жоғары деңгейінің дәлелі – байқауға қатысатын төрт картина өз елінің атынан «Оскар» сыйлығына ұсынылған.
Сонымен қатар, фестивальде бірден төрт әлемдік премьера өтеді.
Тағы үш баспасөз конференциясында ұлттық, халықаралық байқаулардың және NETPAC (Азия киносын ілгерілету жөніндегі халықаралық желі) қазылар алқасының «тұсаукесері» өтті.
Негізгі іс-шарамен қатар Кинопарк 10 Forum кинотеатрында фильм көрсетілімдері басталды.
Халықаралық байқаудан «Иль Боемо» (Чехия – Италия – Словакия; режиссер Петр Вацлав) және «Әйел» (Қытай; режиссер Ван Чао) фильмдері көрсетілді.
Ұлттық байқаудан – «Тау пиязы» (режиссер Эльдар Шибанов), «Зере» (режиссер Дәурен Қамшыбаев) және «От» (режиссер Айжан Қасымбек).
Ал «Ерекше оқиға» конкурстан тыс бағдарламасы Болгар режиссері, ұлттық байқаудың қазылар алқасының мүшесі Милко Лазаровтың «Ага» картинасымен ашылды.
Ол бүкіл әлем бойынша кинофестивальдерде көптеген марапат алған, ал XIV «Еуразия» кинофестивалінде үздік режиссура үшін жүлде алған.

«Бүгін Қазақстан жеріне мереке келді – әлемдік кино өкілдері сіздің шаңырақта қонақта. Менің ойымша, қиын кезеңде бөтен халықтарды жылы қабылдай алатын адамдар керемет. «Еуразия» фестивалі қайта оралды, ең бастысы осы. Біз оны сағындық. Фестивальге және Қазақстанға сәттілік», - деді жиында ағынан жарылған 85 жастағы өзбек киносының майталманы.
Тағы бір арнайы сыйлық – «Қазақ кинематографына қосқан үлесі үшін» мәдениеттанушы және қоғам қайраткері Мұрат Әуезовке табысталды.
Бағдарлама қазақстандық кинорежиссер Сәбит Құрманбековтің «Боран» картинасының көрсетілімімен аяқталды.
Ашылу салтанатына дейін фестиваль орталығында алғашқы баспасөз конференциясы өтті.
Алдымен журналистердің алдында іс-шара ұйымдастырушылары сөз сөйледі.
Гүлнар Әбікееваның айтуынша, биылғы фестивальде жұлдызды қазылар алқасы мен өте мықты бағдарлама жасалған.
«Бір кездері бізде «Динамикалық дамып келе жатқан қазақ киносы», содан кейін «Динамикалық қазақ киносы» бағдарламалары болса, қазір біздің кинематограф халықаралық байқаумен тең жеке ұлттық конкурс өткізуге мүмкіндік беретін деңгейге жетті. XVI «Еуразия» кинофестивалінің басты ерекшелігі мен жаңалығы - осы», - деді ол.