Қазақстан Оңтүстік Кореядағы отбасылық және гендерлік саясат тәжірибесін зерттейді
Қазақстандық делегация Әйелдер арасындағы гендерлік теңдік бойынша озық тәжірибе орталығының (UN Women Centre of Excellence for Gender Equality) жұмысымен танысу үшін Сеулге барды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Делегация құрамында ҚР МАМ, ҚР СІМ және ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның өкілдері бар.
Қазақстандық делегация отбасылық және гендерлік саясатпен айналысатын Оңтүстік Кореяның мемлекеттік органдарының өкілдерімен кездесулер өткізді. ҚР МАМ жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаров кореялық отбасын қолдау орталықтарының жұмысымен танысты.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда 2018 жылдан бастап психологиялық, әлеуметтік, тұрғын үй және заң саласы бойынша көмек көрсететін отбасын қолдау орталықтары бар. Бүгінде елімізде осындай 68 орталық жұмыс істейді.