Анкарада Бауыржан Момышұлы туралы кітап жарық көрді

396
Анкарада қазақтың біртуар батыр ұлы, халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы туралы кітап жарық көрді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі  "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

Іс-шара Қазақстанның Түркиядағы елшілігінде өтті. Оған түркі дүниесінің қоғам қайраткерлері мен шетел дипломаттары қатысты. Алқалы жиында Бауыржан Момышұлының өмірлік ұстанымы, батылдығы мен батырлығы тілге тиек етілді. Ал Түркістанның от баласы Бауыржан Момышұлы атты кітаптың авторы Ашур Өздемир. Биографиялық туындыда даңқты қолбасшының өмірі, философиялық ойлары мен шығармалары баяндалған. Кітап авторы Бауыржан Момышұлымен студенттік жылдарда танысыпты.

Ашур Өздемир, кітап авторы:

- Магистрлік қорғаған кезде менің ұстазым Мекемтас Мырзахметовтың ұсынған тақырыбы. Ұсынысты қабылдадым. Екі жылдай уақыт кетті. Кітап етіп жарияламас бұрын бір жылдай жұмыс жасадым. Жан-жақты зерттедім. Бұл жерде осының өмірі бар. Әр салада айтқан пікірлері бар. Одан кейін шығармашылығы бар дегендей. Қызық әрі отты адам. Мінезі сондай. Бір қалыпты, айтқанынан қайтпайтын, қайсар адам болған соң түрік оқырманының көңілінен шығады деп ойлаймын.