Қазақстанда шетелдік әртістердің концертіне жаңа талаптар енгізілмек

2 582

Фото: Jason ArmondМәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов Қазақстанда өнер көрсететін шетелдік әртістерге қойылып жатқан шектеулер туралы айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 

Оның айтуынша, министрлік жергілікті атқарушы органдарға концерттерді ұйымдастыруға көмектесуді көздеп отыр. Әртістермен жасалған келісімшарттарда олардың міндеттері анық көрсетілген.

"Ең алдымен, бұл міндеттемелер олар орындайтын композицияға қатысты. Осы композициялар еліміздің тәртібін бұзбауы тиіс, порнография мен есірткіні насихаттамауы керек, яғни заңсыз контенттің толық тізімі ескерілген. Егер бәрі дұрыс болса, әртістер белгілі бір қалада өнер көрсетуге рұқсат алады. Біздің ойымызша, бұл толығымен дұрыс қадам.", — деді Евгений Кочетов Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Егер әртістің репертуарында тыйым салынған шығармалар болса, ведомство оларды орындамауға кеңес береді.