Мақпал Исабекова алғаш рет сүйіктісімен түскен суретін жариялады

464

Фото: видеодан скриншотҚазақстандық танымал әнші Мақпал Исабекова алғаш рет ғашығымен түскен суретін жариялады Алайда, шоу-бизнес жұлдызы сүйіктісінің түрін көрсеткен жоқ. Өнер иесі болашақ жолдасына деген сезімін білдірді.
Мақпал Исабекова болашақ жолдасымен бірге түскен ерекше суретімен Instagram парақшасында бөліскен. Аталмыш фото ер азаматтың туған күнінде жарияланған. 

"Бүгін ерекше күн. Себебі, бүгін менің сүйіктімнің туған күні. Жаратушы сені және сенің ата-анаңды сақтасын. Сен мені күнде бақытты етесің. Менің қамқоршым, ақ жүрегім. Асқақ армандарыңның барлығы орындалсын. Сен менің бақытым, қуанышым, отбасымсың. Мен сені қатты жақсы көремін. Саған бүгін мейрам жасағым келді. Сенің таңғалған бақытты көздеріңді көріп, тосын сыйым көңіліңнен шыққанына аса қуаныштымын", - деп жазды ол. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.