Ресейдің Қазақстандағы мәдениет күндері басталды

326
Елордада Ресейдің Қазақстандағы Мәдениет күндері басталды- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Осыған орай мемлекеттік симфониялық оркестрімен бірге Ресейдің жетекші орындаушыларының қатысуымен гала-концерт ұйымдастырылды. Онда романстар, орыс композиторларының операларынан ариялар және заманауи авторлардың шығармалары орындалды. Сондай-ақ мәдениет күндері аясында 12 - 17 қазан аралығында «Вологда шілтері» көрмесі өтеді.


Еламан Төлепберген, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің БАҚ-пен байланыс департаментінің өкілі: 

- 2019 жылы Ресей Федерациясында Қазақстанның мәдени күндері өткізілген болатын. Араға екі жыл салып, карантин шараларынын жеңілдетуіне байланысты енді Ресей Федерациясын зор қуанышпен қарсы алып жатырмыз. Бұл үлкен мәдени іс-шара деп атасақ артық болмас. Бұл енді Қазақстан мен Ресей Федерациясының арасындағы мәдени ынтымақтастықты нығайтатын ірі жоба.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.