Қазақстандық фильм Берлинде бас жүлде алды
380
Қазақстандық «Бақыт» көркем фильмі 72-інші Берлин халықаралық кинофестивалінде «Панорама» секциясында бас жүлде иеленді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
«Бақыт» көркем фильмін отандық журналист Әсем Жапишева сценарийін жазса, режиссерлік қызметті Асқар Ұзабаев атқарды. Фильмнің продюсері ретінде Баян Мақсатқызы жетекшілік етті.
«Панорама» секциясы – негізгі конкурстан кейінгі салмақты жүлде және ол 80-інші жылдары енгізілген. Конкурстың ерекшелігі қазылар алқасының қатарына шынайы көрермендер жиналған. Олар картинаны көруді аяқтағаннан кейін бірден дауыс береді. Биыл коронавирусқа байланысты шектеулерге қарамастан, «Панорама» секциясына енген фильмдерді 20 мыңнан астам адам көрген.
Биыл 72-інші Берлин халықаралық кинофестивалінің аталмыш секциясына 33 елден барлығы 29 картина қатысты. Тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы баяндайтын «Бақыт» фильмі көрермендер мен халықаралық БАҚ тарапынан көптеген жылы лебіз жинаған. Себебі үйдегі озбырлық Қазақстанда ғана емес, бүтін әлемде өткір тұрған мәселе. Сценарий авторлары Әсем Жапишева мен Асқар Ұзабаев материалдарды жете жинақтап, фильм шынайы оқиғаларға негізделіп түсірілді.