Ілияс Жансүгіровтің ұлы өмірден өтті

464
Алаш арысы Ілияс Жансүгіровтің ұлы Саят Жансүгіров 91 жасында өмірден өтті деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  
Кенші, техника ғылымдарының кандидаты Саят Жансүгіров 1930 жылы 21 ақпанда дүниеге келген.
Мәскеуде білім алып, зейнетке шыққанша тау инженері болып жұмыс істеді.
Қазақ ССР Ғылымдар академиясының тау-кен ісі институтында біраз уақыт еңбек етті.
Ілияс Жансүгіровтың тұңғышы 8 жасында әкесінен айырылып, артынан анасы да көз жұмды. Содан Саят 13 жасында жұмыс істей бастаған.
"Әкем керемет адам еді. Ол мені тізесіне отырғызып алып тек жақсы сөздер айтатын. Менің әкем халықтың адамы ғой. Сол кездегі мейірімді бейнесі әлі көз алдымда. Әкеме деген жылылық әлі күнге жүрегімнен кетпейді. Жастайымнан ағайын-туыс, үйге келетін адамдардың бәрі әкеңе ұқсайсың деп айтатын. Мектепте, кейін Мәскеудегі Тау-кен университетінде орысша оқыдым. Жұмыста да өңшең орыстардың арасында болдым. Алайда тілімді сақтап қалдым", – деп еске алды Саят Ілиясұлы бір сұхбатын
да.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.