Шоколад, киім және кәдесыйлар: Мәдениет министрлігі сұрақтарға жауап берді

2 506

Фото©Tengrinews.kz / Тұрар ҚазанғаповМемлекеттік рәміздерді пайдаланудың жаңа ережелері күшіне енгеннен кейін әлеуметтік желілерде қызу пікірталас басталды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі.

Қазақстандықтар "Қазақстан" шоколадының, мемлекеттік ту бейнеленген киімдердің, бас киімдер мен кәдесыйлардға не болатынына алаңдаушылық білдірген. Мәдениет және ақпарат министрлігі осы мәселеге қатысты ресми түсініктеме берді. Ведомствоның мәліметінше, жаңа ережелер бұрын дайындалған өнімдерді тәркілеуді немесе жоюды қарастырмаған.

"Өзгерістер мемлекеттік рәміздерді алдағы уақытта пайдалануды реттейді және бұрын дайындалған өнімдерді алып қою немесе жою бойынша міндеттемелер жүктемейді", - делінген Мәдениет және ақпарат министрлігінің түсініктемесінде.


Министрліктегілер тыйымның кез келген ту бейнесіне емес, мемлекеттік туды киім ретінде пайдалануға қатысты екенін түсіндірген.

"Ережелер Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын дәл киім ретінде, сондай-ақ төсек-орын, перде, дастарқан, кілемше және өзге де жабындар ретінде пайдалануға тыйым салады", - деп атап өтті ведомство.

Бұл ретте киімде мемлекеттік тудың бейнесін қолдануға толықтай тыйым салынбаған.

"Қаулыда мемлекеттік ту бейнесін спорттық формалар мен спортшылардың жабдықтарында пайдалану тікелей қарастырылған. Басқа жағдайларда, егер ол мемлекеттік рәмізді бұрмаламаса, коммерциялық мақсатта пайдаланылмаса және оның беделіне нұқсан келтірмесе, заңнама талаптарын сақтай отырып бейнелеуге рұқсат етіледі", - деп хабарлады министрлік.

Сонымен қатар министрлік азаматтардың мәдени, спорттық және қоғамдық іс-шаралар кезінде мемлекеттік туды бұрынғыша пайдалана алатынын айтқан.

"Бұл ретте ту таза, бүтін болуы, жерге, еденге немесе суға тимеуі және құрметпен пайдаланылуы тиіс", - делінген хабарламада.

Министрлік мына әрекеттерге бұрынғысынша тыйым салынатынын еске салды:

- мемлекеттік туды жарнамалық мақсатта пайдалану;

- оны киім, төсек-орын, перде, дастарқан, кілемше және өзге де жабындар ретінде пайдалану;

- мемлекеттік туды қасақана бүлдіру, жою, өртеу, жырту немесе қоқысқа тастау;

- оны мемлекеттік рәміздің беделін түсіретіндей түрде пайдалану.

Сондай-ақ өзгерістермен мемлекеттік туды ғимараттар мен балкондарға орналастыру тәртібі, оны тігінен орналастыруға, жеке үй иеліктері мен ту тұғырларында пайдалануға қойылатын талаптар нақтыланды, сондай-ақ заңнама талаптары сақталған жағдайда мемлекеттік туды көлік құралдарының салондарына орналастыруға рұқсат берілген.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.