Нұр-сұлтанда алғаш рет ерекше жандар театры ашылды
374
Елордада ашылған «Қанаттылар» атты театрда бүгінде қызу дайындық жұмысы жүріп жатыр- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сілтеме жасап
Бұл еліміздегі алғаш рет ресми тіркелген инклюзивті яғни, ерекше жандар театры.
«Қанаттылар» инклюзивті театры биыл қаңтар айында ресми түрде тіркелді. Ал бұл театрды ашу тұжырымдасы мен негізі 2018 жылы қолға алынды. Сол жылы елорда күніне орай Нұр-Сұлтан қаласында инклюзивті театрлардың халықаралық фестивалі өтті. Аталған фестивальге көрші Ресей мен Украинадан бірнеше театр келді. Олардың негізі әріде қаланған және құрамы да үлкен. Содан кейін бізде де неге инклюзивті театр ашпасқа деген ой келді. Әрине кейбір өңірлерде қоғамдық бірлестіктер жанынан кішігірім ұжым болып құрылып немесе үйірме ретінде жұмыс істеп жатқан инклюзивті шығармашылық топтар бар. Бірақ мемлекеттік деңгейде ерекше жандар театры жоқ. Сондықтанда біздің театрды Қазақстанда алғаш құрылған инклюзивті театр деп айта аламын, - деді театр жетекшісі Арнұр Ысқақов.