Роллан Сейсенбаев «Әлемнің алтын жазушысы» атанды

608
Қазақстандық жазушы Роллан Сейсенбаев Әлемнің алтын жазушысы дипломына ие болды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Бұл жоғары атақ жер шарының озық ойлы, көрнекті жазушыларына рухани еңбектері мен шығармашылық ұмтылыстары үшін тағайындалады.

Олардың кітаптары адамзат баласының кең тынысты, еркін өмірінің шарықтауына жол ашуымен құнды. Бұл сыйлықты Radius (Рэйдиос) және Pegasus Brucke (Пегасас Брук) халықаралық өнер орталықтары мен он мемлекеттің Халықаралық Қоғамдық ұйымдары тағайындаған.

Нұржан Құлымжанов, аға оқытушы:

Ол жазушы ғана емес, ол – үлкен гуманист. Атадан мұра болып қалған рухани құндылықтарымызды бүгінгі жас ұрпаққа жеткізіп келеді. Оның еңбектерінде көшпелі өркениеттен отырықшы мәдениетке ауысқан тұстағы қиындықтар суреттеледі. Табиғатқа деген көзқарас, адамдардың арасындағы қарым-қатынас бейнеленеді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.