Роллан Сейсенбаев «Әлемнің алтын жазушысы» атанды

608

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Қазақстандық жазушы Роллан Сейсенбаев Әлемнің алтын жазушысы дипломына ие болды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Бұл жоғары атақ жер шарының озық ойлы, көрнекті жазушыларына рухани еңбектері мен шығармашылық ұмтылыстары үшін тағайындалады.

Олардың кітаптары адамзат баласының кең тынысты, еркін өмірінің шарықтауына жол ашуымен құнды. Бұл сыйлықты Radius (Рэйдиос) және Pegasus Brucke (Пегасас Брук) халықаралық өнер орталықтары мен он мемлекеттің Халықаралық Қоғамдық ұйымдары тағайындаған.

Нұржан Құлымжанов, аға оқытушы:

– Ол жазушы ғана емес, ол – үлкен гуманист. Атадан мұра болып қалған рухани құндылықтарымызды бүгінгі жас ұрпаққа жеткізіп келеді. Оның еңбектерінде көшпелі өркениеттен отырықшы мәдениетке ауысқан тұстағы қиындықтар суреттеледі. Табиғатқа деген көзқарас, адамдардың арасындағы қарым-қатынас бейнеленеді.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.