Қаңтар оқиғасына байланысты тағы бір деректі фильм жарық көрмек
521
Қаңтар оқиғасының бір жылдығына байланысты «Qazaqstan» телеарнасы ұзақтығы 30 минуттық «Куәгер» деректі фильмін эфирге шығармақ, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Фильмде Қаңтар оқиғасын көзімен көрген, арасында болған куәгерлердің оқиғасы баяндалады. Деректі фильмдегі куәгерлер – сол уақытта зардап шеккен бейбіт тұрғындарға көмек көрсеткен түрлі маман иелері.
5 қаңтар сағат 20:40-та Қаңтар оқиғасының хроникасына құрылған, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сол сәттегі шешімдері мен үндеулері туралы «Қаралы қаңтар» деректі фильмі көрсетіледі.
6 қаңтар сағат 20:40-та Қаңтар оқиғасына қатысты істі болып, рақымшылыққа іліккендер туралы «Кешірім» деректі фильмі эфирге шығады. Жобада амнистия аясында атқарылған жұмыстар кеңінен көрсетіледі. Бас прокуратура, ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің өкілдері, заңгерлер, рақымшылық берілген азаматтардың сұхбаты беріледі.