Бүгін күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының туған күні

2 485

Осыдан 154 жыл бұрын (1871 ж. кей деректерде 1883 жылы) қазақ елінің мақтанышы, алып күш иесі, теңдессіз палуан, әлем чемпионы атағына қол жеткізген тұңғыш қазақ Қажымұқан МҰҢАЙТПАСҰЛЫ дүниеге келген, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Құжат бойынша қазіргі Ақмола облысының Қараөткел ауылында дүниеге келген. Алайда оның туған жеріне де, туған жылына да қатысты басқа да пікірлер бар. Қажымұқан 17 жасқа толмай жатып, мықты палуан ретінде таныла бастады. Оның Ақмола облысы бойынша барлық атақты палуандарды жеңгені туралы әңгіме бүкіл қазақ даласына тез тарап кетеді. Ал 18 жасында оны циркке жұмысқа шақырған.

1905 жылы Қажымұқан алғашқы ірі жетістігіне қол жеткізді. Харбинде өткен жарыста Мұңайтпасұлы «джиу-джитсу» күресінен алтын медаль жеңіп алды. Осы додадан кейін «Маньчжурия чемпионы» деген атаққа ие болды. Ал бір жылдан кейін Алманияда өткен дүниежүзілік жарыста топ жарды. Швецияның Гётеборг қаласында өткен француз күресінен әлем чемпионатында алтыннан алқа тақты. Сөйтіп, осы күрес бойынша әлем чемпионы атанған алғашқы қазақ болды. 1910 жылы Еуропа және Ресей палуандардың үлкен тобы Америкаға аттанды. Оның ішінде Қажымұқан да болды. Оңтүстік Америка қалаларына жасалған турнеде Қажымұқанның ең сәтті өнер көрсеткен жері – Аргентина астанасы Буэнос-Айрес қаласы.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.