"Ұлттық мүддеге қайшы келеді": сот "қазақ тазысының" патентін жоққа шығарды
Қазақстан кинологтер одағы мен Экология және табиғи ресурстар министрлігі "Қансонар" аңшылар қоғамдық бірлестігінің патентін жарамсыз деп тану туралы талап қойып, сотқа жүгінген, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Ведомство мәліметінше, 2024 жылы 30 желтоқсанда Qazpatent ұлттық зияткерлік меншік институты "Қансонар" бірлестігіне "Қазақтың тазы ит тұқымы" селекциялық жетістігіне патент берген. Алайда сот барысында патент берудің маңызды шарттарын бұзу фактілері анықталды. Тазы тұқымы — қазақтың көне ит тұқымы және бұған дейін Қазақстан Республикасына халықаралық деңгейде тіркелген.
Сот анықтағандай, 2023 жылы кинологтар одағының өтініші негізінде жүргізілген зерттеудің (соның ішінде медициналық, генетикалық) нәтижелері бойынша FCI халықаралық кинологиялық федерация оң қорытынды шығарып, оның негізінде FCI-дің бас комитеті "Қазақтың тазы тұқымын" тану туралы шешім қабылдап, Қазақстан Республикасын оның шыққан елі ретінде ресми түрде бекіткен.