"Ұлттық мүддеге қайшы келеді": сот "қазақ тазысының" патентін жоққа шығарды

2 991

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: pixabay.comҚазақстан кинологтер одағы мен Экология және табиғи ресурстар министрлігі "Қансонар" аңшылар қоғамдық бірлестігінің патентін жарамсыз деп тану туралы талап қойып, сотқа жүгінген, - деп хабарлайды  "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Ведомство мәліметінше, 2024 жылы 30 желтоқсанда Qazpatent ұлттық зияткерлік меншік институты "Қансонар" бірлестігіне "Қазақтың тазы ит тұқымы" селекциялық жетістігіне патент берген. Алайда сот барысында патент берудің маңызды шарттарын бұзу фактілері анықталды. Тазы тұқымы — қазақтың көне ит тұқымы және бұған дейін Қазақстан Республикасына халықаралық деңгейде тіркелген.

Сот анықтағандай, 2023 жылы кинологтар одағының өтініші негізінде жүргізілген зерттеудің (соның ішінде медициналық, генетикалық) нәтижелері бойынша FCI халықаралық кинологиялық федерация оң қорытынды шығарып, оның негізінде FCI-дің бас комитеті "Қазақтың тазы тұқымын" тану туралы шешім қабылдап, Қазақстан Республикасын оның шыққан елі ретінде ресми түрде бекіткен.


"Сондықтан "Қазақ тазысы" жаңа тұқым емес, себебі ол жаңа нәрселердің шарттарына сай келмейді, сонымен қатар жауапкерге дербес ежелгі қазақ тұқымы ретінде патент берілмес бұрын заңды түрде бекітілген", — делінген хабарламада.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.