Орталық Азия киносының ретроспективасы ұсынылды

317
Францияда қарапайым көрерменнің де, сала мамандарының да қазақ киносы жүрегін жаулап алды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Биыл француздардың назарына Моңғол тарихи блокбастері, режиссер Әмір Байғазиннның «Жаралы періште» мен режиссер Дәрежан Өмірбаевтың «Студент» фильмдері және Жапониямен бірлесіп түсірілген «Барымташылар» картинасы  ұсынылатын болады: 

«Көрсетілген фильмдер көрермендердің елімізге қызығушылығын арттырды. Ұлы дала мен тауларды көру үшін пандемиядан кейін Қазақстанға қалай баруға болатыны жайлы үнемі сұрайды. Адамдарыңыз қандай сұлу дейді. Яғни кинематографияның арқасында Қазақстанға саяхаттауға ынтасын ояттық»,-деді  Франциядағы Қазақстан кино қауымдастығының президенті Андрэ Иванов.

Орталық Азия киносының ретроспективасын ЮНЕСКО ұйымы да қолдаған.  Фестиваль ұйымдастырушылары «Ташкент - город хлебный» фильмін көрсету мүмкіндігін үлкен жетістік деп есептейді. Өйткені бұл картинаның түпнұсқасын айрықша сеніп тапсырған болатын.

«28 жыл бойы халықты Орталық Азия киносымен таныстырып келеміз. Бұл өте сирек фильмдер болғандықтан, көрермендерге мүмкіндікті жіберіп алмауға кеңес беремін. Фестиваль қонақтары бірегей ретроспективаны ұйымдастыру бойынша еңбегімізді жоғары бағалады»,-деді Азия киносы фестивалінің ұйымдастырушысы Жан-Марк Теруанн Везулде

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Орталық Азия киносы – фестиваль тарихындағы ең  үлкен жаңалық. Пандемия кесірінен бүкіл әлемде киноөндіріс тоқырап тұрған тұста, ретроспективалық көрсетілімдер індетке дейін түсірілген үздік туындыларды тамашалауға мүмкіндік беруде.